Жақында облыс әкімі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өңірлік комиссия отырысында берілген қала және аудандарда ашылған «сервистік әкімдіктер» қызметінің тиімділігіне мониторинг жүргізу бойынша тапсырмасына орай құрылған мониторинг тобы Ақтау қаласы және Мұнайлы аудандық әкімдіктерінде жұмысын жүргізді.
Мониторинг тобының құрамында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің МО бойынша департаментінің басқарма басшысы Қайрат Оразбекұлы Байгебаев, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің МО бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Ерлеген Жәрдемұлы Мендалиев, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысының МО бойынша филиалының төрағасы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының мүшесі Дайрабай Үсіпбаев, Арнайы мониторинг тобының жетекшісі, қоғам белсендісі Әсет Манов және мемлекеттік органдар өкілдері бар.
Мониторинг барысында сервистік әкімдіктердің жұмысы барысында туындаған проблемалық сұрақтар, көрсетілетін қызметтердің сапасы және тұтынушылардың сұранымына бағдарлану, орталықтардың жұмысын жетілдіру мәселелері көтеріліп, қоғам белсенділері мен мемлекеттік органдар өкілдері өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.
Топтың жұмыс жоспарында арнайы мониторингпен өңіріміздің барлық қала және аудандарын қамту көзделген.
«Сервистік әкімдіктердің» жұмысына мониторинг жүргізу барысында көтерілген ұсыныс-пікірлер жинақталып, тиісті шешім қабылдау үшін облыс әкімі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өңірлік комиссиясына ұсынылады.