Ақтауда қалалық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен облыстық қазақ күресі федерациясының ұйымдастыруымен «Ақтау барысы» турнирі өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ақтау барысы» турнирінде салмағы 90 кг жоғары 13 палуан бақ сынады. Ал «Бала барысына» 3 палуан қатысты. Шараға Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Нұртас Сали сөз сөйлеп, жарыс жеңімпаздарын марапаттады.
-Қаламызда Ақтау барысы турнирі жыл сайын ұйымдастырылады. Негізгі мақсаты - бұқаралық спортты дамыту, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау. Жеңімпаздар облыстық іріктеу жарысына жолдама алды. Палуандарға алдағы уақытта ұйымдастырылатын сайыстарда сәттілік тілеймін, - деді Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Нұртас Сали
«Ақтау барысы» турнирінің қорытындысына сәйкес,
І орын - Рысбек Базарбай
ІІ орын - Бисенбек Наурызбай
ІІІ орын - Нұрхат Олжабаев
Облыстық іріктеу жарысына І, ІІ орын иегерлері жолдама алды.
«Бала барысы» бойынша:
І орын - Берекет Юсупов
ІІ орын - Райымбек Жексенбайұлы
ІІІ орын - Қанат Төлешбек
Облыстық іріктеу жарысына «Бала барысынан» І орын иегері жолдама алды.