Бокстан Ұлттық құраманың мүшесі Бекзат Нұрдәулетов Біріккен Араб Әмірлігінде өтетін Азия біріншілігінде бақ сынайды. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық командасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев айтты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
"Азия чемпионаты 21 мамырдан 1 маусымға дейін Дубай қаласында өтеді. Оған 40-тан астам мемлекет қатысуы мүмкін. Әрине, барлық боксшыдан үміт күтеміз. Көбірек алуға тырысамыз. Өз болжамым... Кемі екі алтын... Азия біріншілігіне барған барлық боксшыларымыз алтын үшін күреседі, күш салады" - дейді бас бапкер Ғалымбек Қалиұлы қысқаша қорытындылады.
Ел намысын қорғайтын боксшылар:
49 кг Даниял Сәбит (БҚО),
52 кг Сәкен Бибосынов (Түркістан облысы),
56 кг Сабырхан Махмұд (Шымкент қаласы),
60 кг Серік Теміржанов (Павлодар облысы),
64 кг Закир Сафиуллин (Шымкент қаласы),
69 кг Абылайхан Жүсіпов (Қарағанды облысы),
75 кг Әбілхан Аманқұл (Жамбыл облысы),
81 кг Бекзад Нұрдәулетов (Маңғыстау облысы),
91 кг Василий Левит (Нұр-Сұлтан қаласы),
+91 кг жоғары Қамшыбек Қоңқабаев (Қызылорда облысы).
Айбек МҰХАНОВ,
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы.