© Сурет сайт мұрағатынан
Маңғыстау облыстық джиу–джитсу федерациясының бас жаттықтырушысы Болат Закарияұлы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің бұйрығымен марапатталды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Болат Закарияұлы 1985 жылы Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Шетпе ауылында дүниеге келген. Отбасылы, 4 баласы бар. Ол мектеп жасынан спорты серік етті. Мектепті бітірген соң 2001 жылы Ақтаудағы «Қаракөз» спорт мектебінде айкидо спортымен 2003 жылға дейін айналысып, содан кейін джиу-джитсуға ауысты.
6 жылдай джиу-джитсу спортымен айналысып, 2009 жылдан бастап жаттықтырушылықа бет бұрды. Ол Әбу-Бәкір Жәнібек, Дархан Нортаев, Алия Тлепова, Атагелді Есетов, Азамат Абаев, Әлихан Жарасұлы секілді жазғы Азия ойындарының жеңімпазын, 5 Әлем чемпионын, 17 Азия чемпионын және 60-тан астам ҚР чемпионын дайындап шығарды.
Айбек МҰХАНОВ
Суретті түсірген Талант ҚҰСАЙЫН