Кабардин-Балкар Республикасының Нальчик қаласында өткен ХХІІ халықаралық турнирден Маңғыстаулық боксшылар екі алтын және үш күміс медаль алып келді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыстық бокс федерациясына сілтеме жасап.
Маңғыстау облысының қоржынына екі алтын медальды ҚР спорт шебері Нұрлан Сабиров (+ 91 келі) және ҚР спорт шебері Қуаныш Дүйсенбай (52 кг) салды. Ал күміс жүлделерді 64 келі салмақта ҚР спорт шебері Нұрбек Орысбай, 69 келі салмақта ҚР спорт шебері Сұлтан Шаршов және 49 келі салмақта спорт шеберіне үміткер Дінмұхаммед Ибрагимов иеленді.
Сондай-ақ, Сұлтан Шаршов жеңіске деген жігері үшін сыйлықпен марапатталған. Айта кетейік, 9-14 наурыз аралығында өткен халықаралық турнирге Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Швеция, Грузия, Финляндия және Польша елдерінен 100- ге жуық спортшы қатысқан.