Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды өз тәрбиесінде алуға тілек білдірушілер психологиялық даярлықтан өтуі қажет.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қалмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы 292-VI Заңымен «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне бірсыпыра өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Соның бірі - жетім балаларды (ата-анасы қайтыс болған) және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды (ата-анасы ата-ана құқықтарынан айырылған не ата-ана құқықтарынан айырылған не ата-ана құқықтары шектелген, ата-анасы хабар-ошарсыз кеткен, қайтыс болған, әрекетке қабілетсіз, әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған, ата-анасы бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан, ата-анасы баласының тәрбиесімен айналысуда немесе баласының құқықтары мен мүдделерін қорғаудан жалтарып жүрген, балаларды тәрбиелеу ұйымдарынан және медициналық ұйымдардан алудан бас тартып жүрген) өз отбасында тәрбиелеуге, қабылдауға (баланы асырап алуға, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа алуға, баланы өз отбасына алуға/ приемная семья/, патронаттық нысандағы қамқоршылыққа және қорғаншылыққа алуға) тілек білдірген Қазақстан аумағында тұратын, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын тұлғалар тегін психологиялық даярлықтан өтеуге құқығы бар.
Психологиялық даярлауды жетім балаларды, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдар, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары өздерінің қаражаты есебінен жүзеге асырады. Психологиялық даярлықтан өткен тұлғаға сертификат беріледі.
Бұл өзгеріс биыл 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді.
Жусупова Жанылхан Талапбаевна,
Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының сот төрағасы