Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аманбек Қабдешұлы Ақтау қалалық №1 емханасының егу пунктін тексерді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ақтау қалалық №1 емханасында коронавирустық инфекцияға қарсы бірнеше егу кабинеті бар. Медициналық мекеме директорының міндетін атқарушы Азамат Үсенов вакцинацияның барысы туралы баяндап берді.
Оның айтуынша, емхана алғашқы медициналық-санитарлық көмек, консультациялық-диагностикалық, сондай-ақ мамандандырылған көмек ересектермен қатар балаларға да көрсетіледі. Ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне ерекше назар аударылады.
Айта кету керек, мұнда бірнеше мобильді бригадалар бар. Олар жедел респираторлық аурудың белгілері бар, Covid-19, пневмониямен күдіктенген немесе ауырған науқастарға үйде амбулаторлық және емханалық көмек көрсетеді. Үйге барған кезде мобильді топтар келесі қызметтерді ұсынады: науқасты бастапқы тексеру, ауырлығын бағалау, экспресс-тест және (немесе) ПТР-тест көмегімен Covid-19 инфекциясын жұқтырған немесе жұқтырмағанын анықтау, рентгенографияға немесе компьютерлік томографияға жолдау, үйде емдеу немесе ауруханаға жатқызу туралы сұрақтарды шешу бойынша жұмыстанады. Жылжымалы бригадалардың қызметтері тұрғындарға ақысыз түрде көрсетіледі.
Сонымен қатар пациенттер жалпы тәжірибелік дәрігерден алдын ала тексеруден өтетінін, олардың температурасын, қан қысымын өлшейтінін, созылмалы аурулардың болуын білдіретін, вакцинациядан кейін сақтық шараларын қолдану қажеттігін түсіндіреді.
Ауруханада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арбаны пайдаланушылардың кедергісіз кіріп-шығуын қамтамасыз ету мақсатында емханаға кіреберісте кіру нүктесінің белгісі мен шақыру түймесі бар пандус орнатылған. Аманбек Жұмыров олардың жасап тұрғанын өзі жеке тексеріп шықты. Сондай-ақ, емхана ғимаратының алдында мүгедектерге арналған автотұрақтың бар-жоғын да тексерді.
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы стендтерді алдағы уақытта толық ақпаратпен толықтыруды міндеттеді. Сонымен қатар ситуациялық орталықтың жұмысын, мобильді топтардың, сенім телефондарының, соның ішінде Call орталықтың жұмысын бірінші басшы өзінің жеке бақылауына алуды, әрдайым ғимараттың тазалығына ерекше қарауды тілге тиек етті. Бұдан бөлек емхана қызметкерлеріне вирустың таралуымен күресудің баламасы жоқ жалғыз жолы вакцинацияның оң әсері туралы халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізуді әлі де қолға алуды тапсырды.