©
Түпқараған ауданы әкімінің орынбасары төрағалығымен аудандық әкімдіктің кіші мәжіліс залында Техниканы реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің бас маманы Сабырова Әсем Холмирзаевна, «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Маңғыстау филиалының жетекші маманы Тастемірова Айда Джуматовна, «Ұлттық сараптау және сертификаттау» орталығы» АҚ Маңғыстау филиалының сәйкестікті растау бөлімі маманы Кірпібаева Нұршат Алпысбаевна, «Прикаспийский Центр Серификации»ЖШС сәйкестікті растау және менеджмент жүйесі бөлімінің жетекшісі Тасқали Нұрия Нобатқызы жиынға қатысушы аудандық кәсіпкерлік бөлімі және ауданға қарасты білім беру ұйымдары мен денсаулық сақтау ұйымдарыны қатынасқан жиында тауарды стандарттау, сертификаттау, катлогтау жөнінде түсінік берді.
Үйіміздегі су, жарық ретеуші құралдары (счетчик), денсаулық сақтау ұйымдарындағы түрлі танометр, градусник,өзге де өлешеуіш, рететуіш құралдары мен асханалардағы шеккі сияқты құралдардың барлығы сапа талаптары мен Қазақстан Республикасы экономикасын өлшемнің теріс нәтижелері салдарынан қорғауға байланысты тексерістен өтіп тұруы керек. Бұл тарапта бақылау жүргізіп, тексеріп отыратын арнайы орындар да қызмет атқарады. 2000 жылы 7 маусымда енгізілген «өлшем бірлігін қамтамасыз ету» ҚР Заңы да осы орайда басшылыққа алынады. Ол дегеніңіз- әлгі зататрдың қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету. Матреиалдық және энергетикалық ресурстардың барлық түрлерінің дұрыс есебін жүргізу, өлшем дұрыстығын қамтамасыз ету. Осы арқылы адам денсаулығынан бастап, қоршаған орта қауіпсіздігіне дейінгі аралықтағы жұмыстарды рететуге көмектесетінін білеміз. Алайда, бұл талаптардың барын және қажеттігін бәрі бірдей түсіне бермейді.
Қолыңызға алған қай өнім болмасын, тұтынатын тауарларыңыздың бәрінде міндетті түрде сертификат болуы шарт. Бұл бүгінгі күннің талабы. Егер сіз, қоғамдық тамақтандыру қызметімен айналысып, көпшілікке осы қызметті ұсынып жүрсеңіз, онда «Ұлттық сараптау және сертификаттау ортлығы» АҚ Маңғыстау филиалы арқылы сертификат алуыңыз керек. Мәселен, тамақтандыру қызметі, қоғамдық тамақтандыру өнімдерін дайындау, қоғамдық тамақтандыру өнімдерін тұтыну және қызмет көрсетуі бойынша ұйымдастыру жұмыстары, қоғамдық тамақтандыру өнімдері мен сатып алынған тауарларды сату бойынша қызметті, бос уақыттарын ұйымдастыру қызметтері, ақпарттық кеңес қызметтері, қоғамдық тамақтандырудың басқа да қызметтері кіреді. Қоғамдық тамақтандыруды негізінен техникалық регламент «Сәйкестікті растау процедуралары» ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы №90 қаулысы, КО ТР 021/2011 «Тамақ өнімдерінің қуіпсіздігі», ҚР СТ 3,6-2010 «Қоғамдық тамақтандыру қызметі сәйкестігін растау бойынша басшылығы», 2010 жылғы 28 мамырдағы Кедендік Одақ коммссиясы бекіткен №299 шешімі, Санитарлық –эпидемиологоиялық надзорға жататын тауарлардың бірыңғай санитарлық-эпидемиологоиялық және гигиеналық талаптары, ГОСТ 30390-2013 «Халыққа сатылатын, қоғамдық тамақтандыру өнімдері», ГОСТ 30389-2013 «Қоғамдық тамақтандыру мекемелері. Жалпы талаптары және классификациясы» сияқты нормативтік құжаттар басшылыққа алынады екен. Сонымен қатар, «Ұлттық сараптау және сертификаттау ортлығы» АҚ Маңғыстау филиалының маманы Кірпібаева Нұршат алдымен сертификаттау органына өтінім түсіру арқылы, қабылданған өтінім бойынша шешім шығарылатынын, сертификаттау сызбасын таңдай отыра, сәйкестікті растау бойынша орган мен өтінім беруші арасында келісім-шарт рәсімделетінін түсіндірді.
Сапа, экология, еңбек қауіпсіздігі және денсаулық, энергия менеджментін, енгізбей, сертиыикаттаудан өтпей бизнесті ілгері жылжыту мүмкін емес. Өткен ғасырдың 80 –жылдары өнім өндіру мен қызмет көрсету қарқынды дами бастағанда спа туралы мәселе көтеріліп, сұрақтар туындайды. Осы орайда, Халықаралық стандарттау ұйымы (ISО) нарыққа еніп, кәспорын талаптарын көрсетіп, стандарттар шығара бастайды. Сапа менеджменті арқылы тұтуны талаптары мен қажеттіліктерін зерттеуге, өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін растауға, ең бастысы-тұтынушы қанағатын бақылауға. Сәйкестікті растау органдары ғана менджмент жүйесін сертификаттай аладытындығы жөнінде тоқталған «Прикаспийский Центр Сертификации» ЖШС Нұрия Набатқызы:
-ISО 9001 сапа менджментін, ISО 14001 экологиялық менеджментін, ОНSАS 18001 Еңбек қауіпсіздігі мен денсаулық менджментін, ISО50001 Энергия менджментін енгізіп сертификатталған кәсіпорынға келетін пайда: ISО 9001 -2009, СТ РК ОНSАS 18001-2008, СТ РК ИСО 14001-2006, ISО 50001 сертиыикаттары тендер мен мемлекеттік сатып алу бойынша ашық тендерде жеңіске жетуге мүмкіншілік береді. Шығындарды қысқату, кірісті өсіру, бәскекеге қабілеттілікті арттырады. Әлеуметтік жауапкершілікті көрсетеді, бизнес тұрақтылығын жақсартады, инвестициялық тартымдылықты арттырады,- дей келе, «Прикаспийский Центр Серификации» ЖШС осы салада қызмет көрсететін алдыңғы бестік ішінде екенін айтты.
Жиын қорытындысында «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Маңғыстау филиалының жетекші маманы Тастемірова Айда Джуматовна слайд арқылы қандай сатылардан өтіп, қай жерлерден ақпарат алуға болатыны туралы түсіндірді. Сонымен қатар әр тұтынатын тауарда міндетті түрде ЕАС деген белгі болуы керек екенін де айтты. Бұл белгісі бар тауар қауіпсіз әрі, арнайы тексерістен өткендіктің белгісі болып табылады.
Сонымен, қандай да бір қызметті, таурды сертификаттап немесе реттеу арқылы сіз заман талабына сай кәсібіңізді кеңейтіп, сапа стандартына сай тауарды тұтынушыға ұсына аласыз.
Милана ЕЛЕУСІНОВА