Күні кеше Өзбекстан мемлекеті Хорезм облысынан бір топ делегация Маңғыстау өңіріне ат басын бұрды. Ондағы мақсат екі жақты ынтымақтастықты нығайтып, сауда-саттық пен экономикалық байланысты арттыру. Осыған байланысты облыстық «Атамекен» кәсіпкерлік палатасында «Қазақстан-Өзбекстан өңіраралық бизнес-форумы» өтті. Шараға Солтүстік Қазақстан облысының өкілдері де қатысты. Көрші елден келген қонақтар алдымен СҚО мен Маңғыстаудың экономикалық, өндірістік жай-күйін тыңдап, Ақтау және Құрық портының жүк тасымалымен танысты. Сондай-ақ өздерінен шығатын өнімдерді біздің өңірде таныстыруға мүмкіндік алды. Көкөністер, жеміс-жидектер, дәнді-дақылдар, шырынды сусындар, өзге де тағам түрлерімен сайланып келген өзбек ағайындарының тауарлары сапалы, әрі қолжетімді. Олардың айтуы бойынша барлық өнімдері қоспасыз жасалған, табиғи тағамдар. Ал, сапалы, қоспасыз азық-түліктермен халықты қамтамасыз ету – біздің елдің басты мақсаты. Сондықтан алдағы уақытта екі елдің кәсіпкерлері халық игілігі үшін бірігіп еңбек етуді жоспарлап отыр. Осы мақсатта Маңғыстау, СҚО, Хорезм облысының арасында үш жақты келісімге қол қойылды.қ байланысты арттыру. Осыған байланысты облыстық «Атамекен» кәсіпкерлік палатасында «Қазақстан-Өзбекстан өңіраралық бизнес-форумы» өтті. Шараға Солтүстік Қазақстан облысының өкілдері де қатысты. Көрші елден келген қонақтар алдымен СҚО мен Маңғыстаудың экономикалық, өндірістік жай-күйін тыңдап, Ақтау және Құрық портының жүк тасымалымен танысты. Сондай-ақ өздерінен шығатын өнімдерді біздің өңірде таныстыруға мүмкіндік алды. Көкөністер, жеміс-жидектер, дәнді-дақылдар, шырынды сусындар, өзге де тағам түрлерімен сайланып келген өзбек ағайындарының тауарлары сапалы, әрі қолжетімді. Олардың айтуы бойынша барлық өнімдері қоспасыз жасалған, табиғи тағамдар. Ал, сапалы, қоспасыз азық-түліктермен халықты қамтамасыз ету – біздің елдің басты мақсаты. Сондықтан алдағы уақытта екі елдің кәсіпкерлері халық игілігі үшін бірігіп еңбек етуді жоспарлап отыр. Осы мақсатта Маңғыстау, СҚО, Хорезм облысының арасында үш жақты келісімге қол қойылды. «Бүгінгі ұйымдастырылып отырған екі ел арасындағы кездесуге Өзбекстан мемлекетінен 35 ағайын келді. Олардың арасында басшылар да, кәсіпкерлер де бар. Олар осы сапарында біздің өңірдің кәсібімен танысып қана қоймай, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасында өздерінің тауарларын жергілікті іскер азаматтар мен тұтынушыларға көрсетуге мүмкіндік алып отыр. Форум аясында жергілікті халықты күнделікті тұтынатын тағам түрлерімен, тұрмыстық техникалармен, сонымен қатар құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету бойынша екі жақты келіссөздер жүріп жатыр. Сондай-ақ алдағы уақытта өзбек ағайындар Ақтау қаласынан сауда үйін құруды жоспарлап отыр. Бастапқыда Маңғыстауға әкелетін өнімдеріне арналған қоймаларды ұйымдастырып бермекпіз. Сол жерде тауарлардың сұранысқа ие болуына байланысты болашақта құрылатын сауда үйінің көлемін анықтайтын болады», - деді Маңғыстау облыстық «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының директоры Нұрбек Қарасаев. Осылайша өзбекстандық өндірушілер Солтүстік Қазақстан облысы мен біздің өңірде жоқ ауылшаруашылық өнімдерін, басқа да сала бойынша тауарларды тасымалдауға дайын. Тіпті кейбір кәсіп иелері сөзден іске көшіп, сол сәтте келісім шартқа қол қойып, тауар айналымын бастап та кетті. Мәселен, облысымыздағы жеміс-жидек сатумен айналысатын «Казфрут» компаниясы бүгіннен бастап әр апта сайын 20 тонна көкөністі Хорезмнен әкелу бойынша келісімге келді. «Мен бүгін қазақстандық кәсіпкермен әзірше бір жылға 2 млн. доллардың келісімшартына қол қойдым. Ендігі жерде әр апта сайын қызанақ, қияр, орамжапырақ, сәбіз, пияз, асқабақ өнімдерін Маңғыстауға жеткізіп тұратын боламын. Бұл мен үшін өте қуанышты жағдай. Осы бастамамыз алдағы уақытта да өз жалғасын табады деп ойлаймын», - дейді өзбекстандық кәсіпкер Тулғанай Сапарбоева Сондай-ақ, өзбек ағайындары біздегі балық өсіретін кәсіпорынның жұмысына қызығушылық танытты. Бекіре тұқымдастарын көбейтумен айналысатын бұл орталық осы сала бойынша Маңғыстаудағы алғашқы жобалардың бірі. «Көрші елден келген делегация біздің бекіре балығын өсіріп отырған шаруашылығымызға келді. Олар біздің жұмысымызға, технологияларымызға қызығушылық танытты. Дәл осындай жобаны өз елдерінде жүзеге асыруға бел буып, бізге ұсыныс тастағаннан кейін, бірден келісіп, екі жақ болып құжатқа қол қойдық. Алдағы уақытта мен өзімнің жобамды, көрген тәжірибемді, жұмыс барысында қолданған техникамды ұсынатын боламын», - дейді кәсіпорын директоры Тұрсынгүл Жақыпова. Қазақстандық кәсіпкер Жалғас Дәулетов те ыдыс-аяқ, жиһаз түрлерін сататын дүкендер желісін осы форум аясында Өзбекстан мемлекетінен ашуды жоспарлап отырғандығын айтты. Осылайша екі ел арасындағы татулық барыс-келіс, алыс-беріске бет бұрды. Форумнан кейін өзбекстандық кәсіпкерлер Маңғыстау облысының әкімі Е.Тоғжановтың қабылдауында болды. Ынтымақтастықты одан әрі нығайтқан кездесуде өңір басшысы Хорезм азаматтарына өз алғысын білдірді. «Екі ел арасындағы туризм, денсаулық, білім және ауылшаруашылықты дамытуға көп мүмкіндік бар. Сондықтан экономикалық көрсеткішті жоғарлату мақсатында көптеген жұмыстар жасауға болады. Біз сіздермен жұмыс жасап, жақсы қарым қатынаста болуға дайынбыз», - деді әкім өз сөзінде. Естеріңізге сала кетейік, осыдан 5 ай бұрын облыс басшысы бастаған бір топ маңғыстаулық делегация Өзбекстан мемлекетіне барған болатын. Сол кездің өзінде біздің өңір мен Хорезм облысы арасында тауар айналымын арттыруға бағытталған бірқатар келісімдер жасалған еді. Көрші елдің іскер азаматтары қазақстандық әріптестерімен бірлесіп, жылыжайға қажетті материалдар, фармацевтикалық өнімдер мен ауылшаруашылығы техникаларын шығаратын кәсіпорындар ашуға ниетті екендерін білдірсе, маңғыстаулық кәсіпкерлер Хиуа жеріне шақпақ қант, минералды тыңайтқыштар мен электр жабдықтарын экспорттауға дайын екендерін жеткізген болатын. Соның нәтижесінде жоғарыда аталған кездесу өз жалғасын табуда. Осы орайда облыстың ауылшаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлері жергілікті халықты отандық өніммен әлі де болса толықтай қамтамасыз ете алмай отырғандығы ойға оралады. Елбасының әр жолдауында айтылған тапсырмаларын еске алар болсақ, өзімізден шығатын табиғи тағамдармен тұрғындарды қамту көзделген. Алайда көрші елдің көкөніс, жеміс-жидектеріне мұқтаж болуымыз өз-өзімізді қамтуға әлі де қауқарсыздығымызды көрсетеді. Оған себеп жергілікті фермерлердің бау-бақша өсіруде, егін егуде тәжірибесінің жоқтығы дейді осы салада 20 жылдық тәжірибесі бар маман Нұрсәуле Жайынбаева. Оның айтуынша Маңғыстау облысында жеміс-жидек, көкөністердің түр-түрін, тіпті бидай өсіруге де мүмкіндік бар екен. «Бізге жалпы көкөніс өнімдері Өзбекстаннан, Түркіменстан келеді. Алайда жергілікті халықты өз өнімдерімізбен қамтамасыз етуге толықтай мүмкіндігіміз бар. Біздің жерде барлық өнімді өсіруге болады. Бірақ ол мәселе бір жолға қойылмаған. 2017 жылдан бері облыс әкімінің бастамасымен Маңғыстау облысында ауылшаруашылығын дамыту бойынша жұмыстанып келеміз. Сол мақсатта шет мемлекеттерден бізге экспорт мамандар да келді. Олар да Маңғыстау жерінде егін алқабын ұлғайтуға болады деген пікірде. Су жоқ деп айту мүлде дұрыс емес. Бізде жер асты сулары, өзге де бұлақтар бар. Дегенмен қазіргі таңда біздің өлкеміздің агроөнеркәсібінің жағдайы мәз емес. Фермерлер жерді дұрыс пайдаланбағандықтан, қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан, егін егудегі тәжірибелері жоқтығынан осы мәселеден шыға алмай отырмыз. Сондықтан біздің кәсіпкерлерге ақыл-кеңес беріп отыратын мықты аграном мамандары жетіспейді. Бізде көбіне ұсақ шаруашылық болғандықтан ондай мамандарды жұмысқа тарта алмаймыз. Себебі оларға жоғары еңбекақы төлену керек. Сондай-ақ біздегі шаруашылықтар егін еккенімен, өнім өте аз шығады, оның себебін тағы білмейді Сол себепті бізге арнайы тәжірибелі оқу орталығын ашу керек. Ол орталықта фермерлерге егін егуді, жерді өңдеуді үйрету керек. Оны қаржыландыру керек. Ондай орталықтарсыз біздің фермерлердің жұмыстары алға жүреді деп айта алмаймын. Мен оны толық маман ретінде айтып отырмын. Егер осы мәселелер қолға алынатын болса біріншіден, өз халқымызда жергілікті өнімдермен қамтимыз, екіншіден, жерімізді қалпына келтіреміз, үшіншіден, халыққа жұмыс тауып береміз, төртіншіден, оқу бітірген мамандар өз ауылымызға келеді. Әзірге бізде ондай өнімдер жоқ, сол үшін өзбек ағайындарының тауарларын тұтынуға тура келеді», - дейді «Агророст» фермерлер қауымдастығының төрайымы Н.Жайынбаева. Елбасының 2018 жылдың 5 қазандағы жолдауында «Ауыл кәсіпкерлеріне шаруашылық жүргізудің жаңа дағдыларын үйрету үшін жаппай оқыту жүйесін қалыптастырған жөн. Үкіметке алдағы 3 жыл ішінде осы мақсаттарға жыл сайын қосымша кемінде 100 миллиард теңге қарастыруды тапсырамын», - деген сөзін ескерер болсақ жоғарыда айтып өткен мәселе өз шешімін табады деген үміттеміз. Әзірше Маңғыстау жұртына Өзбекстан кәсіпкерлерінің сапалы тағамындарын тұтыну бұйырып тұр.
Айгүл ОРЫНБАЕВА Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="72043,72046,72044,72045,72040,72041,72038,72042,72039"]