©
29 қараша күні Ақтауда Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың қатысуымен «Нұр капитал» бірегей жобасы таныстырылды. Маңғыстаудың түкпір-түкпірінен келген шағын және орта бизнес өкілдеріне жобаның тиімділігі мен мүмкіндіктері айтылып, өзге де кәсіпкерлік жобалар жайында сөз қозғалды. Атап айтсақ, «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өкілдері, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, ірі кәсіпорындар басшылығы мен қаржылық институттар қатысты. «Нұр капитал» бағдарламасының мақсаты – «Туған жер» жобасы аясында халықтың қоғамдық санасын жаңғырту арқылы елдің, аймақтың экономикасына айрықша атсалысу – шынайы патриотизмді ояту. Мемлекеттік тұрақтылықтың бір құралы ретінде шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау. «Нұр капитал» жобасы- Маңғыстау облысында еңбек нарығын жаңғыртуға бағытталған бірегей бағдарлама. Аталған мақсатты жүзеге асыру үшін еңбек нарығы және бизнес салаларын трансформациялау керек. Трансформация – қоғамдық сананың жаңғыруысыз жүзеге аспайтыны анық. Яғни, халықтың өз кәсібін ашуға толықтай мүмкіндік жасауға - еңбек нарығы институттарын кеңейтіп, қолжетімді ресурстармен қамтамасыз етіп, бәсекелік есебінен сапаны арттыру қажет. Сондай-ақ Ақтауда 27 қараша күні Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қолжетімді несиелерді алу үшін Аграрлық несие корпорациясының облыстағы филиалы ашылды. Бұдан өзге аймақта екі кредиттік серіктестік құрылмақ. Жыл басынан бері корпорация филиалы Маңғыстау өңірінің 54 ауыл шаруашылығы субъектісін 189 миллион 600 мың теңгеге қаржыландырды. "Іскер" бағдарламасы бойынша 50 шаруа қожалығына ақша берілді. Олардың 28-і - мал шаруашылығы, үшеуі өсімдік шаруашылығымен айналысады. Енді ауылшаруашылығымен айналысатын фермерлер облыстан алыс кетпей-ақ, «Агротехника», «Агробизнес», «Агрокоммерция», «Іскер», «Агроэкспорт», «Кең дала» кредиттеу бағдарламалары арқылы 5,5%-16% аралығында жылдық мөлшерлемемен несие ала алады. - Мен ауданның әкімдерін әдейі осында шақырдым. Бұл жобаның тиімділігі қарапайым ауылдарға жету керек. Мұнай азайып келе жатқанын көріп жүрсіздер. Жастар кәсіпкерлікпен айналысуы тиіс. Маңғыстау халқы тек өндіріспен емес, кәсіптік бағытты дамыту арқылы әлемге танылуы керек. Сол себепті бүгінгі таңда жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту еліміздің экономикалық дамуының негізін қалаушы драйвер ретінде қалыптасты. «Нұр Капитал» бағдарламасының мақсаты – өңірдегі шағын және орта бизнеске тиімді, қолжетімді және нақты қолдау көрсету. Қазіргі таңда «ӨзенМұнайГаз» ААҚ-тан 900 млн. теңге және «Даму» қорынан 1 млрд. 800 млн. теңге қаражат бөлінді. Облыстың кәсіпкерлік саласын қолдау мақсатында жалпы құны 2 млрд. 700 млн. теңге болатын несие ресурстары бағытталды, - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов. «Нұр капитал» бағдарламасы қалай жүзеге асырылады?Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН Деректер Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметінен алынды
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="43504,43503,43495,43496,43493,43492,43497,43498,43501,43502,43499"]