ҚР Энергетика министрлігі республикада жұмыс істейтін ірі коммерциялық тұтынушылар үшін тауарлық газдың жаңа шекті бағасын белгіледі, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты LogiStan телеграм-каналына сілтеме жасап.
2024 жылы 1 шілдеден 2025 жылғы 30 маусымға дейін тауарлық газдың мың текше метрінің шекті көтерме бағасы:
• Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстарында – 63 905 теңге ($143,83)
• Шымкент қаласы мен Түркістан облысында – 59 268 теңге ($133,4)
• Жамбыл облысында – 58 866 теңге ($132,49)
• Астана қаласы, Ақмола, Қарағанды және Ұлытау облыстарында – 52 033 теңге ($117,11)
• Ақтөбе облысында – 34 333 теңге (77,27 доллар)
• Қостанай облысында – 48 424 теңге ($108,99)
• Қызылорда облысында – 45 522 теңге ($102,46)
• Маңғыстау облысында – 32 942 теңге ($74,14)
• Батыс Қазақстан облысында – 31 637 теңге (71,21 доллар)
• Атырау облысында – 23 996 теңге ($54,01)
• Шығыс Қазақстан облысында – 10 891 теңге ($24,51)