Отбасы құндылықтарын насихаттайтын фотобайқау жарияланды
[ 2021 ] 17 тамыз, 11:45 | Хабарландыру
«Рухани жаңғыру» казақстандық қоғамдық даму институты» отбасы мерекесі қарсаңында әлеуметтік желіде фотобайқау жариялайды. Отбасы құндылықтарын насихаттайтын фотобайқауда бақ сынап, бағалы сыйлық ұтып алыңыз.
Байқауға қатысу шарттары:
- фотобайқауға 14-45 жас аралығындағы кез келген азамат қатыса алады;
- әлеуметтік желіде 20 тамызға дейін #меніңотбасым, #әкемменбірге, #меніңанам тақырыптары бойынша кемінде 3 немесе одан да көп отбасылық, сапасы жақсы фото жүктеп, отбасыңыз жайлы мағыналы, көпшілікке ой саларлық, ең қызықты, жүрекжарды оқиғаңызбен бөлісіп, ата-анаңызға, балаңызға шынайы сезіміңізді білдіру керек;
- постта әкенің рөлі, ананың мейірімін насихаттап, отбасымен бірге уақыт өткізіп, жанұяның берекесін, бақытын көрсету маңызды;
- фотолар арнайы байқау үшін түсірілуі керек.
- әр қатысушы отбасылық фото мен қызықты оқиға баяндалған 3 пост жариялауы керек.
- міндетті түрде #меніңотбасым, #әкемменбірге, #меніңанам, #руханижаңғыру, #ұлттықтәрбие хэштегтерін белгілеңіз.
30 тамызға дейін арнайы комиссия жеңімпаздарды іріктеп, жарияланған посттарды бағалайды.
Арнайы байқау комиссиясы жоғарыдағы 5 хэштег арқылы байқау жеңімпаздарын анықтайды. Үздік фото мен үздік отбасылық оқиғаны жариялаған 3 жеңімпазға бағалы сыйлық (ноутбук) табысталады.
Отбасылық фотобайқауға қатысып, жаңа оқу жылына ноутбук ұтып алыңыз!
1167
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.