Өңірдегі эпидемиологиялық ахуалдың күрт нашарлауына байланысты Ақтау қаласы әкімдігі қызметкерлерінің ішінара бөлігі қашықтан жұмыс істеу тәртібіне ауысады.
Осыған орай, Маңғыстау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 шілдедегі № 16 Қаулысына сәйкес 2021 жылдың 11 тамызынан бастап сервистік әкімдік қызметі мен жеке қабылдаулар уақытша тоқтатылады.
Арыз-шағымдарды қабылдау egov.kz электрондық үкімет порталы https://eotinish.gov.kz (ЭЦҚ кілті негізінде) сілтемесі арқылы немесе 15 шағынауданда орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы және әкімдікте орналасқан арнайы жәшікке қалдыру арқылы жүргізіледі.
Байланыс телефондар: Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі 8 (7292) 33-65-09, 8 (7292) 33-65-26