Торыш алқабындағы шар тәрізді тастар кез келген жанды тәнті етеді. Бір алқапты алып жатқан тастардың жұмбағын әлі ешкім шешпеген. Сонысымен де қызық шығар.
Қазіргі таңда аңыз-әңгімелерді арқау етіп, тастардың дөңгеленіп жатқанын көру үшін ел азаматтары мен шетелдіктер жиі келетінін байқаймыз. Мұны табиғаттың тылсым дүниесін тануға, маңғаз өлкенің маңызды орындарын білуге ұмтылғаны деп білеміз. Ал Торыш тастарын әлі көрмеген, бірақ осында келуді жоспарлап жүрген оқырмандарға фототілшіміздің туындыларын ұсынамыз.
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН