«Тәжен» кеден бекетіндегі бопсалау қылмыстарының және заңсыз такси қызметінің алдын алу мақсатында тиісті қадағалау жұмыстары жүргізілді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бейнеу ауданы прокуратурасының мәлімдеуінше, бұрын «Тәжен-Бейнеу» бағыты бойынша автобус қатынамайды, маршрут бекітілмеген.
2022-2023 жылдары және биыл «Тәжен» кеден бекетінде ұйымдасқан қылмыстық топтың 3 қылмыс фактісі анықталып, 8 адам бас бостандығынан айырылды.
Сол үшін бопсалау қылмысының алдын алу мақсатында жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдары бірлесіп, «Тәжен-Бейнеу» бағыты бойынша жолаушыларды тасымалдайтын автобустар берілді.
Әлі де бұл бағытта жұмыстар жалғасып жатыр.