Жаңаөзенде патрульдік полиция ротасының командирі қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде қала тұрғынын есірткі сақтады деген күдікпен ұстады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жедел уәкілдер күдіктіні тінту кезінде оның қалтасынан есірткіге ұқсас зат тапқан.
Полицейлер тәркіленген заттай дәлелдемелерді сараптамаға жіберген.
Жаңаөзен қалалық полиция басқармасының мәліметінше, аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 296 бабы бойынша тіркелген.
«Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицейлер істің толық мән-жайы мен тұрғынның есірткіні қандай мақсатпен сақтағанын анықтап жатыр», - деп жазылған хабарламада.