Сыбайлас жемқорлық бүгінде тарихы тереңнен бастау алып, бүкіл әлем қоғамдастығына қауіп төндіріп отыр. Біздің елімізде де бұл мәселеге қарсы күрес шаралары тәуелсіздік алған сәттен бастап мемлекеттің бірінші кезектегі міндетіне айналды.
Жемқорлықпен күрес барысы күн сайын қарқын алып келеді. Дегенмен, өкінішке қарай жегіқұртқа айналған осы бірқатерлі дерттен бойын аулақ ұстағысы келмейтіндердің қатары да уақыт өткен сайын артып келеді.
Қоғамымыздың барлық саласына дендепеніп бара жатқан жемқорлықтың жолына батыл тоқсауыл қойып, зардабын жою және мүдделілерді жауапқа тарту – бүгінгі күннің ең басты міндеттерінің бірі. Осындай ол қылықтарға жол беруден аулақ болған дұрыс. Бүгінгі таңда, мемлекетіміздің ұйымдасқан қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес саласында экономикалық даму процестерінің басқарылуына, ұйымдық-құрылымдық буындардың тиімді жолдарына, ішкі өзін-өзі бақылау жүйесін құруға және қылмыстың алдын алуға басты назар аудрылуы тиіс.
Сонымен қатар, қазіргі танда мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу үшін көп мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алуға болады, сондықтан электрондық жүйенін сапасын одан артық жақсарту және күшейту керек.
Қазынашылық органы бірнеше жылдан бері мемлекеттік мекемелермен «Қазынашылық-клиент» электрондық ақпараттық құжат айналымы желісі арқылы жұмыс істеп келеді. Соның арқасында мемлекеттік мекеме қызметкерлері төлем құжаттарын электрондық түрде жөнелтіп, құжаттардың өту барысын қадағалап отырады. Бұл да қазынашылық органдары қызметкерлері мен мемлекеттік мекемелер арасындағы тікелей байланыстың аз болып, сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың жолдары. Cондай-ақ, Департаментте жастарды сыбайлас жемқорлықпен күресуге тарту, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтық белсенділіктерін ояту мақсатында үнемі техникалық оқулар, құқық қорғау органдарымен, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі мекемелермен кездесулер өткізіліп, облыс деңгейінде өткізіліп жатқан шараларға Департамент қызметкерлері белсенді қатысып келеді. Соның арқасында бүгінгі күнге дейін Департамент қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері жөніндегі шағым түскен жоқ және бұл сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жан-жақты жасалған жұмысымыздың жемісі деп ойлаймын.
Жемқорлығы жоқ елдің болашағы зор.
Маңғыстау облысы бойынша
Қазынашылық департаменті
басшы орынбасары Д.Келдибаева