Абай облысы Ақсуат ауданында «Асыл бесік - Ақсуат» фестивалі аясында қазақ күресінен ASSYL ARLAN республикалық турнир өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Бозкілемге көптеген халықаралық және республикалық жарыстардың жеңімпаздары бақ сынады. Олардың ішінде әр жылдары ауыр және аса ауыр салмақта «Өгіз балуан» және «Түйе балуан» атанған еліміздің 80-нен аса айтулы балуандары бар.
Осы республикалық турнирдің «Түйе балуаны» болып жергілікті Абай облысының тумасы Ерасыл Қажыбаев атанды. Финалда ол жерлесі Даурен Нұралиновтан жанбас әдісімен ұтып басым түсті. Жүлделі үшінші орынды Түркістан облысынан келген Қайсар Шамшадинов пен маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғапов иеленді.
«Түйе балуан» жеңімпазы су жаңа автокөлікке ие болды. Екінші орындағы спортшыға төрт миллион тенге берілсе, үшін орын иегерлері екі миллион теңгеден алды.