Жылдың соңғы күндерінде елдің басым бөлігінде күн жылына түседі. Атлантика аймағынан келетін келесі циклон салдарынан қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады, жел күшейеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
- Ауа температурасы түнде солтүстікте - 5-15-тен 0-5 градусқа дейін, орталықта - 5-15-тен 0-5-ке дейін көтеріледі, оңтүстікте - 3-11 градусқа жетеді. Батыста – 3 аяз – 2 жылы, шығыста – 0-10 аяз, оңтүстік-шығыста – 2-10, таулы аймақтарда – 12-17 аяз, күндіз республиканың солтүстік жартысында 5 аяз - 2 жылы, оңтүстік жартысында 2-7 градус нөлден жоғары, таулы аймақтарда 0-5 градус аяз болады, деп хабарлады синоптиктер.