Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сапасына шағым, пікір және бюрократиядан арылту мәселелері бойынша ұсыныс білдіруге арналған 2024 жылы сәуір айында «Sapaly Qyzmet» telegram боты іске қосылған.
Қосылғанына аз уақыт болғанына қарамастан аталған telegram бот каналына өтініштер келіп түсуде және азаматтардың құқықтары қорғалуда.
Мысалы telegram бот арқылы Агенттіктің Маңғыстау облысы бойынша департаментіне Мұнайлы аудандық емханаға тіркелу үшін жолдаған өтініміне түсініксіз бас тарту келіп түскендігіне шағымданды. Қызмет алушымен уақытылы кері байланыс орнатылды, сонымен қатар қызмет алушы 15 күннен бері тіркеле алмай жүргендігін телефон арқылы мәлімдеді. Осыған орай қызмет алушының құқықтарын қалпына келтіру бағытында Департаментпен қажетті жұмыстар жүргізілді. Белгілі болғандай ақпараттық жүйедегі ақаулықтарға байланысты бұл мәселе орын алған. Нәтижесінде Департаменттің араласуымен аталған емхана басшылары мамандарымен бірлесіп ақпараттық жүйедегі кедергілерді жойып, қызмет алушының құқығы қалпына келтірілді. Яғни аталған азаматша өзінің қалаған Мұнайлы аудандық емханасына тіркелді.
Сонымен қатар Департаментке аталған қосымша арқылы жүгінген азамат «Жылжымайтын мүлікке тіркелген құжаттар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша қызмет көрсету нәтижесін қазақ тіліндегі нұсқасында қателік орын алғандығына, мәселенің шешілуі тым ұзақ уақыт алуына наразылық білдірген. Қызмет алушымен кері байланыс орнатылып, бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бағытында Департаментпен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҚЕ АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалымен бірлесіп қажетті жұмыстар жүргізілді.
Нәтижесінде Департаменттің және аталған ұйым мамандары құзырлы органдар тарапынан жұмыстар жүргізіліп, ақпараттық жүйедегі сәйкессіздіктер жойылып, қызмет алушының құқығы қалпына келтірілді. Яғни анықтаманың дұрысталған нұсқасы ұсынылды.
Осы ретте тұрғындар назарына «Sapaly Qyzmet» telegram боты арқылы қызмет алушылардың құқығын қалпына келтіру үшін мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сапасына шағым, пікір және бюрократиядан арылту мәселелері бойынша ұсыныс білдіруге болатынын және уақытылы шешімін табуға қолданыстағы заңнама талаптары аясында көмектесуге өз ықпалымызды тигізетінімізді хабарлаймыз.
Жасұлан Маршакұлы
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Маңғыстау облысы бойынша департаментінің
басқарма басшысы