Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы 2023 жылдың 31 наурызына дейін үкіметтік емес ұйымның Дерекқорына кезекті есеп беру кезеңі өтетінін хабарлайды.
Қала/аудан әкімдігі ұйымдардың өз қызметі туралы мәліметтерді ҮЕҰ Дерекқорына ағымдағы жылы ұсыну мерзімі 31 наурызда аяқталатынын хабарлайды.
ҮЕҰ-ға infonpo.gov.kz сайтындағы электрондық есеп беру нұсқасын уақытылы толтыруды ұсынамыз.
Осыған байланысты жеке мекеме, қоғамдық бірлестік (саяси партиялар, діни бірлестіктер мен кәсіптік одақтар түрінде құрылған қоғамдық бірлестіктерді қоспағанда), коммерциялық емес акционерлік қоғам (құрылтайшысы немесе акционері мемлекет болып табылатын коммерциялық емес акционерлік қоғамдарды қоспағанда), қоғамдық, корпоративтік және жеке қорлар, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі нысанындағы үкіметтік емес ұйымдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктеріне infonpo.kz. веб-порталында электрондық есептілік нысанын уақтылы толтыруды ұсынады.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ҮЕҰ дерекқорында тіркелу мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және мемлекеттік гранттар шеңберінде әлеуметтік бағдарламаларды және (немесе) әлеуметтік жобаларды іске асыруға, сондай-ақ ҮЕҰ үшін сыйлық алуға арналған конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады.
ҮЕҰ қызметі туралы мәліметтерді электрондық түрде infonpo.gov.kz веб-портал арқылы ұсыну үшін Халыққа қызмет көрсету орталығының жақын жердегі бөлімшесінде (ХҚКО) электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алу қажет.
ҮЕҰ дерекқорына мәліметтерді уақтылы ұсынбағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделген.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 489-1 бабына сәйкес:
1. Коммерциялық емес ұйымдардың, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдар филиалдары мен өкiлдiктерiнің (оқшауланған бөлiмшелерiнің) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға өз қызметі туралы, оның ішінде өзінің құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаның қалыптасу көздері және жұмсалу бағыттары туралы мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы, сол сияқты анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынуы, – ескерту жасауға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік), – жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не үш ай мерзімге қызметін тоқтата тұруға алып келеді.