© фото orda.kz
Үкіметтің тиісті қаулысы НҚА эталондық бақылау банкінде жарияланды. Қаулының жаңа мазмұнына сәйкес, шетелдіктердің Қазақстанда болу рұқсат етілген мерзімі-әр жартыжылдық кезең ішінде 3 ай, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
Ендігі ретте иммигранттар үшін елімізде болу мерзімі: визасыз шетелдіктер елде заңды түрде 30 күн, ал жиынтық — 180 күндік бір күнтізбелік кезең ішінде 90 күнге дейін бола алады; Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтары Қазақстанда 90 күн, бірақ күнтізбелік бір кезең ішінде 180 күн ғана бола алады. Бұдан басқа, Қазақстанда болу үшін заңды негіздері жоқ шетелдік күнтізбелік кезең 180 күн өткеннен кейін ғана шекарадан қайта өте алады. Тиісінше, елге үш айға дейін жылына екі реттен көп емес кіруге және болуға болады.
Бұл жаңашылдық ЕАЭО елдерінің азаматтарына Қазақстан аумағында 90 күн болуға, содан кейін елден шығуға және шекараны бірден қайта кесіп өтуге, сол арқылы заңды тұру мерзімін жаңартуға мүмкіндік берген "визаранды" жояды. Жаңа шектеулер Қазақстанға виза бойынша келген және уақытша тұруға рұқсат рәсімдеген шетелдіктерге қолданылмайды. 2023 жылдың 16 қаңтарында жарияланған ресми қаулы 10 күннен кейін - 2023 жылдың 26 қаңтарында күшіне енеді.