Халыққа жедел көмек көрсету мақсатында @salyqbot сілтемесі бойынша Telegram қосымшасында жалпыға бірдей декларациялау мәселелері бойынша түсініктемелер алу үшін жаңа сервис әзірленді. Осы бөлімге кіру үшін QR кодын пайдалануға болады.
Сондай-ақ, salyqbot көмегімен сіздің:
-салық берешегінің бар немесе жоқ екендігі туралы мәліметтерді лезде білуге;
- көлік құралдарына салынатын салықты дербес есептеуге;
- салықтарды уақтылы төлемегені үшін өсімпұл сомасын есептеуге;
- өзекті анықтамалық ақпаратты білу, салық күнтізбесін пайдалануға;
- түйінді сөздер бойынша салық және кеден заңнамалары бойынша пайдалы ақпарат алуға;
- тіркелу арқылы есептілікті берудің, салық төлеудің алдағы мерзімдері туралы еске салатын push-хабарламаларды, сондай-ақ пайдалы жаңалықтар мен хабарламаларды (ақпарат пайдаланушының-жеке немесе заңды тұлғаның мүддесін ескере отырып жіберіледі) алуға;
- банк шоттарын бұғаттан шығару, жеке тұлғалардың банкроттығы, жеке тұлғалардың көлігіне, жеріне және мүлкіне салық төлеу мәселелері бойынша жедел көмек алуға;
- егер сіз заңды тұлға болсаңыз, төленген сомалар туралы мәліметтер алуға мүмкіндігіңіз бар.
@Salyqbot-қа тіркеліп, цифрлық салық кеңесшісінің қызметін пайдаланыңыз!