Ташкентте 2010 жылдан бұрын шыққан көліктерді тыйым салынады. Өзбекстанның экология министрлігі ауаның ластануымен осылай күресуге шешім қабылдаған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Сондай-ақ, жүргізушілерді жұп және тақ күндерге бөліп, көлік жүргізуге рұқсат беруі мүмкін. Одан бөлек АИ-80 отынын сатуға тыйым салу қарастырылып жатыр.
2010 жылдан бұрын шыққан көлік иелері үшін мемлекет электр машиналарын сатып алуға жеңілдіктер мен арзан несиелер ұсынады.
Енді сарапшылар Ташкенттен Қазақстанға 15 жылдық көліктер көптеп келуі мүмкін деп болжап отыр.