«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалы 2023 жылдың екінші жарты жылдығында 2 708 мыңнан астам азаматтық хал актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Атап айтатын болсақ, 2 494 туу туралы, 169 неке қию, 43 неке бұзу туралы, 2 қайтыс болу туралы акт жазбаларына өзгертулер енгізу туралы азаматтардың өтініштері қанағаттандырылды. Көбінесе Маңғыстаулықтар отбасының құрамын растау, балалары туралы ақпаратты енгізу және некеге дейінгі немесе некеден кейінгі тегін ауыстыру үшін өтініштер берген.
Еске сала кетсек, 2024 жылдың 1 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Ұлттыққор - балаларға» жобасы іске қосылды. Еліміздегі барлық балалар бағдарламаға сәйкес жыл сайын Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің бір бөлігін алатын болады. Ата-аналар, қорғаншылар, қамқоршылар eGov.kz порталында азаматтық хал актілеріндегі балалар туралы мәліметтерді тексереді.
Ақпаратты өзектендіру мүдделі тараптың өтініші бойынша жүзеге асырылады. Тіркеу жазбасы «АХАТ» ақпараттық жүйесінде болған жағдайда, қызметті беруші тарап 2 жұмыс күні ішінде өзгерістер енгізеді. Аталмыш ақпараттық жүйеде түзетулер үшін негіз болатындай жазбалар болмаса, қызмет көрсету мерзімі 5 жұмыс күніне дейін ұзартылады.
Қосымша айта кетер болсақ, маңызды хабарламалар мен әлеуметтік қызметтерді уақтылы алу үшін мемлекетті отбасыңыздың құрамы туралы хабардар ету қажет. Толық және дұрыс мәліметтер базасының арқасында, мемлекет бүкіл ел және әрбір аймақ бойынша жеке, нақты демографиялық мәліметке ие болды.
Бұл инфрақұрылымды - балабақшаларды, мектептерді, ауруханаларды дамытуды жоспарлауға және әртүрлі әлеуметтік бағдарламаларды әзірлеуге мүмкіндік береді.