Ақтаудағы көлік жөндеу орталығындағы шыққан өрттен зардап шеккен екі Өзбекстан азаматының жағдайы ауыр. Қазір олар облыстық ауруханының жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Еске сала кетейік, кеше кешкі сағат 21:40 шамасында Ақтаудағы 28а шағынауданында орналасқан көлік дөңгелегін жөндеу орнында өрт шыққан еді. Өрт сағат 22:04-те толық ауыздықталды.
Дәрігерлер науқастар туралы ақпаратты кейінірек бөлісетінін айтты.