«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің жағымды үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.
Конкурсқа өтінімді қабылдау 15 мамырдан басталғандығы және 16 маусымға дейін жалғасатындығы хабарланады.
Конкурсқа отбасылар өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша қатысады.
Конкурс үш кезеңде жүргізіледі. Бірінші кезең – аудандық (қалалық), екінші – облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық), үшінші – ұлттық.
Конкурстың облыстық кезеңінің (Маңғыстау облысы) жеңімпаздары ақшалай қаражат табысталады. Жалпы жүлде қоры- 2 300 миллион. теңге.
Конкурсқа қатысуға өтінім қосымшаға сәйкес нысан бойынша аудандық (қалалық) комиссияға мынадай құжаттармен бірге беріледі:
1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін — жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;
3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі;
4) ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
5) балаларды тәрбиелегені үшін мадақтаулардың, белгілі бір жетістіктері үшін алған мадақтаулардың бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
6) заңды және (немесе) жеке тұлғалардың ұсыным хаттары (кемінде екеу);
7) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
8) қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қатысуды растайтын құжаттардың көшірмелері;
9) дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім.
2. Отбасылық өмір тәжірибесі
3. Отбасы тарихын сипаттау (отбасылық дәстүрлер, құндылықтар, отбасындағы балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері)
4. Отбасы мүшесінің тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) көрсете отырып, еңбектегі, спорттық, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми, қоғамдық пайдалы (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қызметтегі отбасының (немесе отбасы мүшелерінің) жетістіктері:
5. Наградалардың, сыйақылардың болуы (грамоталардың, алғыс хаттардың, дипломдардың, сертификаттардың көшірмелері қоса беріледі)
6. Отбасы мүшелерінің қоғамдық қызметін көрсететін әлеуметтік желілердегі аккаунтқа сілтеме (бар болса)
7. Отбасылық фотосуреттер (электрондық нұсқасымен бірге 5 данадан аспайды)
8. Отбасыны таныстыратын (ұзақтығы 2 минуттан аспайды) бейнеролик
9. Өзге де құжаттар
Қолы __________
Күні __________
*Өтінім мекенжайы тіркеуі бойынша аудандық (қалалық) әкімдігіне ұсыналады.
Қосымша ақпарат үшін: Whats app мессенджері арқылы 87010962227 нөміріне жазуға болады.