Ел үшін маңызды күні «Чосон» кәріс этномәдени бірлестігінің өкілі Раиса Маденова Ақтаудағы №22 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
Раиса Маденованың жасы жетпісте. Қазақстанда өмір сүргеніне биыл 62 жыл. 47 жыл ұстаз болып, 17 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының және Қазақстан корейлер қауымдастығының мүшесі және жалпыұлттық медиатор болған. 16 жыл бойы Маңғыстау облысының «Чосон» этномәдени бірлестігін басқарған.
Раиса Ивановна ұлты кәріс болса да, қазақ отбасының түтінін түтетіп, ұрпақ тәрбиелеуде.
-Мен зейнеткермін. Қоғамдық жұмыстармен араласуды жақсы көремін. Бүгін әрбір Қазақстанның азаматы үшін өте маңызды күн. Біз бейбіт, тыныш, көркем әрі мықты елде тұруға лайықпыз. Ақтау қаласындағы №22 сайлау учаскесіне барып, өз дауысымды бердім. Көршілерімді көріп бір қуанып қалдым, - деді Раиса Маденова.