Ақтауда 4а ш/а орналасқан «Ақбота» паркіндегі шолу дөңгелегі жөндеуден өткізу мақсатында алынып тасталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Әлеуметтік желіде істен шыққанына біраз жыл болған аттракционның алынып жатырған видеосы жарияланды. Шолу дөңгелегінің қайда кеткені тұрғындарды қызықтырмай қоймады.
- Шолу дөңгелегі қазіргі таңда алынып тасталды. Орталық мойынтіректерін ауыстырып, тораптық қосылыстарын тексергеннен кейін қайта жинақталады. Жөндеу жұмыстарын алматылық шеберлер жүргізуде,- деді «Шолу дөңгелегінің» иесі Болат Есеналиев.
Жеке кәсіпкердің айтуынша, шілде айының соңына дейін аттрацион қалыпқа келтіріліп, штаттық режимде жұмыс жасайды.