Париж десе ең алдымен көк аспанмен таласқан Эйфель мұнарасы, Лондон десе әлемге әйгілі Биг-бен сағаты бірден көз алдымызға келеді. Сол секілді Астана десе шұғылалы «Бәйтерек» монументі, Алматы десе «Тәуелсіздік» монументі немесе дәмі тіл үйірген апорт алмасы ойымызға оралады.
Ал, Жаңаөзен десе есіңізге бірден мұнайшылар мен қара алтын өндірісінің түсері анық. Күні кеше қаланың кіреберісіне “тербелмелі мұнай қондырғысы” сәулетті ескерткіші орнатылды. Қаланың бойтұмарын “Өзенмұнайгаз” компаниясы Жаңаөзеннің 55 жылдығына сыйға тартқан.