Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының мұрасын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған байқауға әр облыстан 160-тан астам 8-11 сынып оқушылары қатысты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Оқушылар Әбіш Кекілбайұлының шығармаларынан иллюстрациялық сурет салу; проза, поэзияны мәнерлеп оқу; шығармашылық зерделеу жоба; сахналық қойылым бағыттары бойынша өзара бақ сынады.
Үш бағыт бойынша 21 жеңімпаз анықталып, сахналық қойылымнан құрамында 35 оқушы бар 7 команда үздік атанды.
- Жарысқа дайындық кезінде қатысушылар Әбіш Кекілбайұлының шығармаларын мұқият зерттеп, ағартушылық мазмұнын сіңіреді. Әсіресе оқушылардың қойылымдары ұнады. Сондықтан қатысушыларды күш - жігері мен жеңіске деген ерік-жігері үшін марапаттау үшін қосымша ынталандыру сыйлықтарын белгілеу туралы шешім қабылданды, - деді "ДАРЫН" РҒПО директоры Гаждембек Тұрсынов.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР Оқу-ағарту министрлігінің диплом, грамоталарымен марапатталды.
Байқау аясында қатысушылар Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейін аралап, жазушының шығармашылығымен танысып, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Естеріңізге салсақ, «Әбіш оқулары» 2018 жылдан бері республикалық ғылыми – шығармашылық конкурсы ретінде өткізіліп келеді.