2023 жылы 7 қаңтарда сағат 19.10-да Жаңаөзен қаласы полиция басқармасының 102 кезекші пультіне өнеркәсіптік аймақта Toyota Land Cruiser 200 маркалы жол талғамайтын көлік пен ПАЗ автобусының қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алғаны туралы шақыру келіп түсті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ПД-ға сілтеме жасап.
Toyota Land Cruiser 200 көлігінің жүргізушісі тізгінді басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен. Toyota Land Cruiser 200 жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасақталды. Көлік айып тұрағына қойылды. Материал шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.