"Таза су", "Өзенинвест" қызметкерлері әлеуметтік желі арқылы бейнеөтініш жолдады. Коммуналдық мекеме қызметкерлері «Өзенмұнайгаз» АҚ штатына ауысуды талап еткен. Ал компания өкілдері қызметкерлерді штатқа ауыстыру тек бос орындар пайда болған жағдайда ғана жүргізілетінін хабарлады. Өз кезегінде "Өзенмұнайгаз" АҚ-да жұмыс істеп жүрген қызметкер зейнетке шыққан жағдайда бос жұмыс орындары құрылады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты "Өзенмұнайгаз"АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
- Бүгінгі таңда "Өзенмұнайгаз" АҚ-на келіп түскен өтініштерді қарау бойынша барлық мүмкін шаралар қабылдануда. Қазіргі уақытта "Таза су", "Өзен Инвест" қызметкерлерінің талаптарын қанағаттандыру "Өзенмұнайгаз" АҚ-ның бірнеше қызметкерін жұмыстан шығаруға мәжбүр етеді, бұл қызметкерлердің заңсыз еңбек құқықтарынан бұзу болып табылады. "Өзенмұнайгаз" АҚ мұндай қадамға бара алмайды. Біз қызметкерлердің құқықтарына құрметпен қарауды және орындалуы заңның бұзылуына әкеп соғатын талаптар қоймауды сұраймыз. Қызметкерлерді АҚ штатына ауыстыру бос жұмыс орындары пайда болған жағдайда ғана жүзеге асырылады,- делінген компания хабарламасында.