15 шілде күні Жаңаөзенде «Zhas Talks» жобасы аясында «Жастар сөйлесін» танымдық шарасы өтеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жаңаөзен қаласы әкімдігінің хабарлауынша, танымдық шара барысында танымал тұлғалар өздерінің жетістіктері туралы баяндайды.
Спикерлер:
Тимур Бектұр — IT аналитик, ағартушы. Болашақ грантының иегері.
Мәтжан Бектұрған — маркетолог,сценарист.
Ермағанбетова Жанар — тәжірибелі психолог.
Нұрбек Бүркітбай — «Korkem Alem» компаниясының директоры.
Карина Түгелбайқызы —мобилограф, Нью-Йорк фильм академиясында тәжірибе алған маман.
Танымдық шара ертең, яғни 15 шілде күні, сағат 15:00-де Жаңаөзен қаласындағы Оқушылар шығармашылық үйінде өтеді.