Жаңаөзендегі Арбатта төселген тас жаңбырдан кейін опырылып түскен, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Желі қолданушылары демалыс орнының сапасы сын көтермейтінін жазып жатыр. Әрі құрылыстың өте тез аяқталғанын айтады. Сол себепті тұрғындар «бір мезгіл жаңбырға шыдамаған» демалыс аумағының сапасына күмән келтіріп отыр.
Айта кетейік моноқаладағы арбат типтес демалыс орны «ӨМГ» АҚ демеушілігімен жасалған. Ал құрылыс жұмыстарын «АдилСтройАстана» ЖШС жүргізген.