Жаңаөзенде 19 жастағы әскери қызметші жатақхана ішінде өзіне қол салып қайтыс болды, деп хабарлайды mangsytaumedia.kz.
Бұл туралы Ақтау гарнизонының әскери прокуратурасы хабарлады. 2003 жылы туған жауынгердің денесін оның әріптестері тауып алған.
Марқұм Ұлттық ұлан қатарында 2021 жылдан қызмет етіп жүрген. Ақтөбе облысынан келген маман-сапер болып қызмет етті. Қазір әскери қызметшінің мезгілсіз қазасы туралы туыстарына хабарланды.
«Біз барлық жағдайларды анықтаумен айналысамыз. Бұл қайғылы оқиға, – деді Ақтау гарнизонының әскери прокуроры Ерлан Құткожа.
Бұл адам өлімі дерегі Жаңаөзен қаласының полиция басқармасы тіркеуге алынды.