Халықаралық және отандық сарапшылар мен саясаттанушылардың ортақ пайымдауынша, биыл 19 наурызда өтетін сайлаудан көп адам ерекшелік көргісі келеді. Аймаққа арнайы келген белгілі саясаткер Зәуреш Батталованың айтуынша, бұл жолғы сайлауда әйелдер мен жастардың мүмкіндігіне басымдық беру қажет, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Мәжіліс сайлауына Маңғыстау облысынан түсіп жатқан Салтанат Бралинаға қолдау білдірген бұрынғы сенатордың пікірінше, Парламент пен мәслихаттардағы құрам жиі жаңарып отыруы қажет.
-Елде болған сайлаулардың ішінде 2021 жылы болған мәслихат сайлауында өзгерістер болды. Ол кезде депутаттық құрамның 70 пайызы жаңартылды. Оған сол жылы Қазақстанның барлық аймағында болғанымда көзім жетті. Менің ойымша, Парламентке де, мәслихаттарға да жас, жігерлі адамдар баруы керек. Жастар мен қоғам мәселесіне бей-жай қарамайтын әйелдер де Парламент пен мәслихаттарда отырса, көп нәрсе шешімін табады. Ата заңның 33 бабында Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке кіруге тең құқығы бар екені нақты көрсетілген. Дауыс бергенде, беріліп жатқан құр уәдеге емес, кандидаттың осы күнге дейін атқарған жұмысына баға берілуі қажет, - дейді Зәуреш Батталова.
Салтанат Бралина өз сайлауалды бағдарламасы аясында елдегі утилалым көлемін 100 мың теңгеге дейін төмендету, тұрмыстық-зорлық зомбылыққа қатысты заңның кемшін тұстары, Каспий теңізінің таяздануы, аймақтағы ауыз су мәселесі сынды басты проблемаларға тоқталды.
Салтанат Бралина – Ақтаудағы EcoWestAqtau компаниясының негізін қалаушы, заңгер, волонтер. Аталған компания соңғы бес жылда 9 мың тоннадан астам қоқысты қайта өңдеген.
ҚР Парламенті Мәжілісіне кандидат Салтанат Бралинаның сайлау қорының қаражатынан төленді