Ақтаудағы Yessenov University Абай облысында орман өртінен зардап шеккен отбасылардың балаларына 5 білім грантын бөледі, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Yessenov University президенті Берік Ахметов алапат өрт жергілікті тұрғындармен қатар бүкіл елді есеңгіреткенін айтады. Жойқын апаттан зардап шеккен балалар бакалаврға кез-келген мамандыққа оқуға түсе алады. Сондай-ақ, ішкі ережеге сәйкес жатақханаға орналасады.
- Тілсіз жаумен күресіп, орманды қорғау – Отанды қорғаудан кем емес ерлік. Сын сағатында қауіп-қатерге қарамай, қаһармандық көрсеткен азаматтарымыздың рухы алдында басымызды иеміз. Қазаның артының қайырын тілейміз. Мұндай қайғылы жағдай енді қайталанбағай, - деді Берік Ахметов.