2023 жылғы 20 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті «А» арнаулы мақсаттағы қызметімен сондай-ақ Түркістан облысының прокуратурасымен өзара әрекеттесе отырып, қазақстандық мұнай өнімдерін заңсыз шетелге, оның ішінде теңіз арқылы шығару арнасының жолын кесті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астана, Шымкент қалаларының және Түркістан мен Маңғыстау облыстарының аумағында тиісті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.