Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысының әкімі Н.А.Ноғаев мырзаға.
Құрметті Нұрлан Асқарұлы!
Ақтау қаласындағы дипломатиялық корпус атынан Абай облысындағы өрт салдарынан болған адам шығынына байланысты Жалпыұлттық аза тұту күні қазақ халқына құрмет көрсетіп, терең көңіл айту құрметіне ие болдым.
Аза тұту күні Әзербайжан Республикасының Бас консулдығы, Иран Ислам Республикасының Бас консулдығы, Түркия Республикасының Бас консулдығы, Өзбекстан Республикасының Бас консулдығы, Ақтау қаласындағы Түрікменстан консулдығы бауырлас Қазақстан халқына ынтымақ ретінде өз жалауларын түсірді.
Бұл күні біз сіздермен бірге қайғырамыз, төтенше оқиғадан зардап шеккендерге, жақындары мен туыстарынан айырылғандарға жанашырлық танытамыз, олардың қайғысымен бөлісеміз және шын жүректен көңіл айтамыз.