Мұнайлыда теміржол өткелінде болған жол апатынан зардап шеккен науқастың жағдайы - орташа ауырлықта, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
"Науқас 1971 жылы туған. Оң жақ бұғана сүйегі және 2-ден 11-ге дейінгі қабырғасы сынған. Жағдайы - орташа ауырлықта. Науқас дәрігерлердің бақылауында", - деді облыстық аурухананың баспасөз қызметі.
Еске салайық, жол апаты 8 маусымда сағат 16:54 шамасында «Лада-15» көлігінің жүргізушісі пойызға соқтығысқан. Оқиға салдарынан екі адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілген. Оның біріне медициналық көмек көрсетіліп, үйіне шығарылды.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА