Дәл қазір Құрықтағы 145 сайлау учаскесінде 18 жасқа бүгін толып жатқан Ерденбай Ажар Қайратқызы келіп, алғаш рет дауыс берді.
Бүгін оның туған күні. 18 жасқа толып жатыр екен. Кәмелеттік жас оған ҚР Президентін сайлау мүмкіндігін сыйлады.
- Бүгін менің туған күнім.18 жасқа толсам, ересектер қатарына қосыламын, деп бұл күнді асыға күттім. Сөйтсем, есею деген — еркіндікпен қатар өзіңе жауапкершілік жүктеу деген сөз екен (күлді).
Міне, бүгін туған күніме сайлау науқаны дөп келді. Алғаш рет сайлауға қатысып, жаңа Қазақстан үшін, жарқын болашақ үшін дауыс бердім. Сайлау учаскесі төл мерекеммен құттықтап, сый-сияпат жасады, рахмет. Мен бұған өте қуаныштымын. Мен елмнің ертеңіне сенемін, Жаңа Қазақстанды құруға үлес қосамын!