Маңғыстау облысында көп жыл еңбек еткен тыл ардагері Ғариф Мухамедиев 90 жасқа толды. Ардагерді мерейлі мерейтойымен Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақсақалдар кеңесі құттықтап қайтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Тыл ардагерін құттықтауға Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Оңайбек Әбділов, «Булгар» татар этномәдени бірлестігінің төрағасы Фандаль Сахибгареев, «Бұлғар» татар этномәдени бірлестігі Ақсақалдар кеңесінің жетекшісі Анвар Досмухамедов және «Булгар» татар этномәдени бірлестігі басшысының орынбасары Рушания Елизарова барды. Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Жұмабай Қарағаевтың құттықтауын табыстап, ізгі тілегін жеткізді.
Ғариф Мухамедиев Атырау, Жаңаөзен, Ақтау, Маңғыстауда темір жонушы болып 66 жыл еңбек еткен. Өнертапқыш, бірнеше жұмысына патент алған.