Маңғыстау облысындағы "Оймаша" полигонында барлау топтары "Арлан" көп мақсатты бронды машинасынан жауынгерлік атыс жүргізеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақтау гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Барлау бөлімшелерінің жеке құрамы бөлімшелер мен кіші топтарды үйлестіру бойынша теориялық, практикалық сабақтарды аяқтағаннан кейін күндізгі және түнгі уақытта штаттық қару-жарақтан жауынгерлік атыс жүргізеді. Сабақтың 50% - ы түнгі уақытта өтеді.
Сабақтың негізгі мақсаты - экипаждарды қазіргі заманғы ұрыс жағдайында қару-жарақтан ату кезінде дұрыс әрекет етуге үйрету.
- Барлаушылар ретінде кез-келген ұрыс жағдайына бейімделуіміз керек. Жауынгерлік және кәсіби дағдыларды игерумен қатар, атыс біздің бойымызда жауапкершілік сезімін тәрбиелейді және моральдық рухты шыңдайды, бүгінде барлық жеке құрам жоғары жауынгерлік дағдыларды көрсетті, – дейді барлау ротасының аға барлаушысы, қатардағы жауынгер Санжар Толқынов.
Айта кетейік, жеке құрам қорғаныста, шабуылда және шеруде әрекет ету қабілетін көрсетеді. Жауынгерлік атыс кезінде командирлердің деңгейін тексеруге және тез өзгеретін жағдайда бағыныштыларды басқаруға ерекше назар аударылды.