Қылмыстық атқару-жүйесі департаментінің қызметкерлері Берік Бабаев пен Жасұлан Ақан өздеріне ұсынылған парадан бас тартқан, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.
Оларға пробациялық бақылауда тұрған азаматтар «kaspi gold» қосымшасы арқылы ақша қаражатын аударған. Ал мемлекеттік қызметшілер орын алған мән-жайды тікелей басшыларына және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлады.
Нәтижесінде, лауазымды тұлғаларға заңсыз сыйақы берген пробациялық бақылауда тұрған екі азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, әрқайсысы 428 мың теңге айыппұл төледі.
Айта кетейік, ашықтықты қамтамасыз еткен Қылмыстық атқару-жүйесі департаментінің ішкі қауіпсіздік қызметінің басшысы Бекзат Урбисиновке, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауда ішкі талдау жұмыстарын сапалы жүргізген Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері Рустам Мұғалбаевқа да алғыс жарияланды.