Ақтау қаласының әкімі Ербол Ізбергенов ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс берді.
“Бүгінгі күн - еліміздің тарихында қалатын, маңызды күн. Сол себепті конституциялық құқығымды пайдаланып, мен де өз таңдауымды жасадым. Әр азамат сайлаудағы жауапкершілігін сезінуі керек. Бұл - ел болашағы үшін жасалатын таңдау. Оған қоса, жастар бізге қарап, үлгі алады. Сондықтан әрбіріңізді сайлауда дауыс беруге шақырамын”, деді әкім.
“Халық Арена” алдында қазақтың ұлттық киімін киген қыздар тұрғындарды бауырсақпен, шұбатпен күтіп алды.
Айта кететін жайт, учаскеде мүмкіндігі шектеулі жандарға барлық жағдай қарастырылған. Сонымен қатар қала тұрғындарына арнап учаске алдында жәрмеңке де ұйымдастырылған.