Бүгін Түпқараған ауданында Қазақстанның еңбек ері, Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның «Сахнада – 50 жыл» атты мерейтойлық концерті өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Кеште Роза Рымбаева танымал әндерін орындап, көптің қошеметіне бөленді. Қос ұлы Әли Оқапов пен Мәди Рымбаев та өнер көрсетіп, түпқарағандық тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Ән кеші ертең 10 наурыз күні сағат 18:00-де Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылы, «Абыл» мәдениет үйінде жалғасады.
Айта кетейік, концерт Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен ауыл тұрғындары мен қонақтары үшін тегін ұйымдастырылып жатыр.