Приморский тұрғындары жаңа аялдамаларды орынсыз орналастырғанына шағымдануда. Бұл туралы облыс әкімдігінің телеграм-каналына жазған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«Аялдамалар Приморск тұрғындарының келісімінсіз жоспарланған. Бізге «Әлем» дүкені мен «FAMILY TOWN» тұрғын үй кешенінің маңындағы бұрынғы аялдамалар ыңғайлы болды. Бірақ ол жоқ, бір аялдама «Мирамар» қонақүйінің алдынан, екінші аялдама КОС-қа қарама-қарсы тұр. Бізге жаяу ұзақ болады, бірнеше жүз метр бар. Ыңғайсыз аялдамалар. Сасық иіске байланысты КОС маңында тұру, тіпті, мүмкін емес. Ескі аялдамаларды қайтарып беріңдер, ең алдымен адамдарды ойлаңдар!», - дейді тұрғындар.
Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің айтуынша, тұрғындардың өтініші бойынша қазірдің өзінде ҚТҚБ жанындағы жолаушылар аялдамасын «FAMILY TOWN-ға» көшіру жұмыстары жүргізілуде.
Бірақ қонақүйдің жанындағы екінші аялдама сол орнында қалады.