2023 жылдың ақпан - наурыз айлары Маңғыстау облысының әкімі Н.А.Ноғаевтың қалалар мен аудандарда халықпен кездесулері өткізіледі, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
“Сіздер барлық сұрақтарыңызды, ұсыныстарыңызды және ескертпелеріңізді mangystau.gov.kz сайтына, облыс әкімінің блогына, сондай-ақ төмендегі көрсетілген орындарға орнатылған арнайы жәшіктерге салу арқылы жолдай аласыздар”, делінген Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.
Арнайы жәшіктің орналасқан жерлер:
✅ Бейнеу ауданы бойынша:
1. Бейнеу ауданы әкімдігінің ғимараты;
2. Бейнеу ауылы әкімі аппаратының ғимараты;
3. Боранқұл ауылы әкімі аппаратының ғимараты;
4. Сарға ауылдық мәдениет үйінің ғимараты;
5. Ақжігіт ауылы әкімі аппаратының ғимараты;
6. Есет ауылы әкімі аппаратының ғимараты;
7. Сыңғырлау ауылдық мәдениет үйінің ғимараты;
8. Төлеп ауылы әкімі аппаратының ғимараты;
9. Тұрыш ауылы әкімі аппаратының ғимараты;
10. Сам ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты;
11. Тәжен ауылы әкімі аппаратының ғимараты.