Құрметті жерлестер, ардақты ағайын!
Баршаңызды күллі мұсылман қауымы асыға күтетін қасиетті де ұлық мереке - Құрбан айт мейрамымен құттықтаймын!
Құрбан айт - ағайынның ауызбіршілігін арттыра түсетін, мұсылман қауымын имандылыққа ұйытып, барша адамды қанағат пен тәубеге шақыратын ұлық мейрам. Айт күні адамдар құрбан шалумен ғана емес, сауапты, ізгі, қайырлы амалдарымен Жаратушының рақымына жақындауға ұмтылады.
Осынау айтулы күндерде әрбір адам игі істер жасауға, айналасындағы жақындарына қамқорлық көрсетуге, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, айналасына қуаныш сыйлауға тырысады.
Мұқтаж жандарды жарылқайтын жылулыққа толы күндерде атқарылған ғибадаттар қабыл болсын. Ендеше қасиетті мереке тұсындағы барлық сауапты істеріңіз бен ізгі тілектеріңіз қабыл болсын! Әр шаңыраққа мерейлі шаттық пен құт-береке тілеймін!
Құрметпен,
Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев